
1-ші наурыз - Алғыс айту күнінде жыл сайын өткізіліп отыратын «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өз жұмысын бастайды. Акция ағымдағы жылдың 31-ші мамырына дейін жалғасын табады.
Акцияның мақсаты – әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту және оның жүзеге асуына олардың ортақтасуы, балалар мен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салуды біріктіру болып табылады.
Өңіріміздегі тұрғындар аз қамтылған отбасылардың мұқтаждықтары мен өтініштеріне бей-жай қарамай, балаларға қол ұшын беруге болады Акцияға кез келген адам қатыса алады.
«Жүректен жүрекке» акциясының шеңберінде киім-кешек, аяқ киім, кітаптар, балалар ой-өрісін дамытатын ойындар, спорттық құралдар, шығармашылық дамуына қатысты басқа да бұйымдар сияқты аса қажетті заттарды сатып алуға байланысты өтініштер ғана қарастырылады.
Акция бастау алғалы 10 жыл ішінде 24 822 тілек орындалды. Тілектердің барлығы облыстың коммерциялық және басқа да ұйымдардың, жеке тұрғындардың белсенді демеушілік көмегі арқылы жүзеге асты.