«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 20 ақпанда «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты – пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.

Конкурста барлығы 10 бағыт бойынша 61 педагог өз авторлық жұмыстарын қорғады. Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталды:           

  1. Білім берудегі менеджмент (мектеп директорлары, директордың орынбасарлары):

І орын - Жумобаева Анар Исаевна, ШҚО ББ Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

  1. Бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім:

І орын - Сайфутдинова Ирина Викторовна, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;

  1. Психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогика:

І орын - Акшабаева Индира  Муратканкызы, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Н.Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі» КММ, педагог-психологі;

  1. Тәрбие жұмысы сабақта және сабақтан тыс уақытта:

І орын - Әлімханқызы Индира, «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, тәрбие жетекшісі;

  1. Қосымша білім беру саласындағы педагогтер:

І орын - Белецкая Анна Викторовна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 1 балалар музыка мектебі» КМҚК, скрипка сыныбы бойынша оқытушысы;

  1. Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша (химия, биология, география, экология) пәндері:

І орын - Жумагельды Райхан Жумагельдықызы, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ, биология пәні мұғалімі;

  1. Физика-математикалық бағытындағы пәндер бойынша (математика, физика, информатика):

І орын - Блинова Надежда Михайловна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 мектеп-лицейі» КММ, информатика пәні мұғалімі ;

  1. Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті):

І орын - Акыбаева Назигуль Ниязбековна, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;

  1. Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (ағылшын тілі, тарих, құқық негіздері, экономика):

І орын - Болатов Арман Мұратханұлы, ШҚО ББ Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясы» КММ, тарих пәні мұғалімі;

  1. Эстетикалық пәндер бойынша (көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери).

І орын - Манапова Альфия Сайлаубековна, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Привольное орта мектеп-балабақша-бөбекжай кешені» КММ, көркем еңбек пәні мұғалімі.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!