Дене шынықтыру пәні педагогтері арасында ұйымдастырылған облыстық хоккей жарысы

Дене шынықтыру пәні педагогтері арасында ұйымдастырылған облыстық хоккей жарысы

2026 жылдың 20 ақпанында ШҚО ББ Örken Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәні педагогтері арасында облыстық хоккей ойыны Өскемен қаласы Б. Александров атындағы спорт сарайында өткізілді.

Шараның мақсаты – педагогтер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және әріптестік байланысты нығайту. Аталған іс-шараға Өскемен, Риддер қалаларынан, сондай-ақ Ұлан ауданынан командалары қатысты. Жарыс барысында қатысушылар спорттық дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетіп, әділ, әрі тартысты ойын көрсетті.

Жарыс қорытындылары:

І орын – Өскемен қалалық командасы

ІІ орын – Ұлан ауданының командасы

ІІІ орын – Риддер қаласының командасы

Барлық ойыншыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз және жеңімпаздарға толағай табыс тілейміз.