Педагогтердің авторлық материалдары негізінде іс-тәжірибе таратылды

Педагогтердің авторлық материалдары негізінде іс-тәжірибе таратылды

2026 жылғы 13 ақпанда ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық оқу-әдістемелік кеңес тарапынан мақұлданған авторлық материалдарды насихаттау, озық іс-тәжірибемен бөлісу және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау мақсатында семинар өтті.

Семинарға ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 120 педагог оффлайн форматта тәжірибе таратып,  11 ауданнан 240 мектеп педагогтері онлайн форматта (Google Meet платформасында) тыңдаушы ретінде қатысты.

Семинар жұмысы келесі 4 секция бойынша жүргізілді:

  1. Мектепке дейінгі және қосымша білім беру бағыты;
  2. Бастауыш мектеп, педагог-психологтар, педагог-дефектологтар;
  3. Ғылыми-жаратылыстану, физика-математикалық, эстетикалық пәндер бағыты;
  4. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт.

Семинар барысында ұстаздар авторлық бағдарламалар негізінде өткізілген сабақ үлгілерін көрсетіп, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерін облыс көлемінде таныстырды.

Жиынға барлығы 360 педагог қатысып, өздерінің ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттырды.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, мұндай әдістемелік алаңдардың ұстаздардың кәсіби біліктілігін шыңдауға, өзара тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.