Педагогтердің авторлық материалдары негізінде іс-тәжірибе таратылды

Педагогтердің авторлық материалдары негізінде іс-тәжірибе таратылды

2026 жылғы 11 ақпанда ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта (Google Meet платформасында) облыстық вебинар өтті.

Шараның мақсаты: облыстық оқу-әдістемелік кеңес тарапынан мақұлданған авторлық материалдарды насихаттау, озық іс-тәжірибемен бөлісу және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау.

Вебинар жұмысы келесі 4 секция бойынша жүргізілді:

  1. Ғылыми-жаратылыстану бағыты;
  2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт;
  3. Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру бағыты;
  4. Білім берудегі менеджмент, қосымша білім беру және эстетикалық пәндер бағыты.

Шараға барлығы 225 педагог қатысты. Вебинар соңында қатысушылар кері байланыс орнатып, ұсынылған ақпараттардың құндылығын және мұндай тәжірибе алмасу алаңдарының кәсіби өсу үшін маңыздылығын атап өтті.

Модератор: Кенжебаева Алма Тлеухановна, ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, баспа қызметі әдістемелік бөлімінің жетекшісі.