
Облысымызда 2026 жылдын 11 акпан күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ZЕRDELI ақыл-ойды дамыту орталығымен бірлесіп, жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, математика пәні мұғалімдерінің қатысуымен оку және математикалык сауаттылығына негізделген зияткерлік байкауын өткізді.
Байкауға облысымыздың 8 аудан/қала мектептерінен және облыстық білім беру ұйымдарынан жалпы саны 110 педагог катысты.
Сайыста әр маманның кәсіби шеберлігі, зияткерлік әлеуетіне негізделген тапсырмалар берілді. Сайыста білім мен біліктілігі, логикаға арналған кезеңдік тапсырмалар ұсынылды. Қатысушылар жұптық, топтық форматта білім сайысына түсті.
Жұптық кезең жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Топтық кезеңде Бас жүлдені облыстық мектептер, I орын - Ұлан ауданы, II орын - Өскемен қаласы, III орын - Күршім және Глубокое аудандарынан келген топ мүшелері иеленді.