
2026 жылғы 27 ақпанда жасанды интеллектті қолдана отырып өткізілетін сабақтардың әдістемелік галереясы өтеді.
Мақсаты: білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану бойынша үздік педагогикалық тәжірибелерді таратуға арналған әдістемелік алаң құру, оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың сыни ойлауын, цифрлық және метапәндік құзыреттерін дамыту, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету және оқытудың инновациялық әдістерін енгізу.
Қатысушылар: пән мұғалімдері, «Жасанды интеллектті қолдана отырып өткізілген үздік сабақ» конкурсының жеңімпаздары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушы студенттер.
Өтетін орны мен уақыты: С. Аманжолов атындағы ШҚУ (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34), басталуы сағат 9:00-де.
Ұйымдастырушылар: ШҚО ББ «Өркен» білім беруді ақпараттандыру және дамыту жөніндегі Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы КЕАҚ «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен» бірлесіп.