
Кәсіптік бағдар беру бағытын дамыту аясында 2026 жылдың 9 және 10 ақпанында Шығыс Қазақстан облысындағы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары үшін II Республикалық Vipusknik.kz-2026 білім көрмесі өтті.
Көрмеде ALT университеті, Алматы Есіл университеті, Air Astana, Азаматтық авиация академиясы және Алматы технологиялық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледж, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Білім саласы, МЭФИ ҰРҰУ Алматы филиалы, Тұран-Астана университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Шәкәрім университеті, Академик
А.С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеттерінің өкілдері сөз сөйледі.
Іс-шара оқу орындарының өкілдерімен тікелей байланыс орнату арқылы мектеп оқушыларына мамандық, университет немесе колледж таңдауда көмек көрсетуге бағытталған. Бұл вебинар оқушыларға мансап жолын анықтауға, гранттар, қабылдау талаптары туралы ақпаратты білуге және Қазақстандағы оқу мүмкіндіктерін зерттеуге көмектеседі.
Қатысушылар қол жетімді білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты түсінікке ие болды, жұмыс берушілермен және оқу орындарымен байланыс орнатты.