
ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жылдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 5 ақпан күні облыс колледждерінің студенттері арасында Жоғары техникалық гуманитарлық колледжінде «Автомобиль өнеркәсібіндегі инновациялар: автомобильдерді жобалау мен өндірудегі жаңа технологиялар» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Конференция мақсаты - студенттердің автомобильдерді жобалау және өндіру саласындағы өзекті мәселелерді, инновациялық идеяларды өз бетінше зерттеу арқылы шығармашылық және сыни ойлауын дамыту.
Конференция 2 секцияда жұмыс жасады:
1 секция – автомобиль жүйелеріндегі цифрландыру және заманауи технологиялар;
2 секция – автотехниканы пайдалану және қызмет көрсету мәдениеті.
Конференцияда колледж студенттері аталған саладағы жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктерді талқылап, тәжірибе алмасты.
Комиссия мүшелерінің шешімімен әр бағыт бойынша тың идеялар, мазмұнды баяндамалармен ерекшеленген қатысушылар дипломдармен марапатталды.