Бүгін ШҚО әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың өңірде мамандарды даярлау туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті

Бүгін ШҚО әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың өңірде мамандарды даярлау туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті

Бүгін ШҚО әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың өңірде мамандарды даярлау туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске ШҚО білім, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының өкілдері, Кәсіпкерлер палатасы және өңірдегі кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Кеңесте кәсіпорындардың қаражаты есебінен жұмысшы мамандарды мақсатты даярлау мәселелері қаралды. Қазіргі таңда облыс колледждерінде 155 кәсіпорынның қатысуымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 2 675 студент, сондай-ақ жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 96 студент білім алуда.
Кәсіпорындардың өтінімі бойынша оқыған колледж түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 90%-ға жетіп, кадрларды мақсатты даярлаудың тиімділігін дәлелдейді.
2026 жылдан бастап өңір экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын қаражаты есебінен оқитын студенттер санын арттыру жоспарлануда.
Өңір кәсіпорындарын кадрларды даярлауға белсенді қатысуға шақырамыз!