
2026 жылдың 27 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және тәуелсіз Қазақстан» атты өңіраралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты - Алаш қозғалысының тарихи маңызын, Әлихан Бөкейханның ұлттық идея қалыптастырудағы рөлін айқындау, отандық тарих пен қазіргі Қазақстан дамуының өзара сабақтастығын зерттеу.
Конференцияға қатысушылар: жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, мектеп басшылары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік кабинет жетекшілері, әдіскерлер, жалпы орта білім беретін мектептің тарих және тіл пәндерінің мұғалімдері.
Конференция 2 кезеңнен тұрады:
Пленарлық бөлімде педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлары, тарих ғылымдарының кандидаттары баяндама жасайды.
Тақырыптық алаң бағыттары:
І. «Ә. Бөкейханның интеллектуалдық көшбасшылығы» (білім беру мекемелерінің басшылары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік кабинет жетекшілері, әдіскерлер;
ІІ. «Ә. Бөкейхан: тарих шындығы» (тарих пәні мұғалімдері);
ІІІ. «Ә. Бөкейханның әдебиеттегі бейнесі» (тіл пәндерінің мұғалімдері).
Конференция тілдері: қазақ тілі
Өтетін күні: 2026 жыл, 27 ақпан
Орны: Өскемен қаласы, С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университетінің 5 - корпусында, Қазақстан көшесі, 55.
Жауапты Е.Д. Келгенбаев (87774141037)