«Трансдискурсивті мектеп: цифрландыру, ЖИ және зерттеушілік тәжірибені дамыту жағдайындағы педагогикалық дизайн» облыстық семинар

«Трансдискурсивті мектеп: цифрландыру, ЖИ және зерттеушілік тәжірибені дамыту жағдайындағы педагогикалық дизайн» облыстық семинар

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылғы 30 қаңтарында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Трансдискурсивті мектеп: цифрландыру, ЖИ және зерттеушілік тәжірибені дамыту жағдайындағы педагогикалық дизайн» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты - цифрландыру және жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану жағдайында трансдискурсивті мектептің педагогикалық дизайнын іске асыру бойынша инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату,

сондай-ақ  мектептегі зерттеу практикасын дамыту.

Семинар  барысында  цифрландыру және жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану жағдайында бастауыш білім беру деңгейінде трансдискурсивті білім беру моделінің педагогикалық дизайнын іске асыру бойынша мектеп тәжірибесі ұсынылып, талданды. Зерттеуге бағытталған оқытуды жобалау және ұйымдастыру саласында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру жолдарын көрсетті.

 Семинар соңында қатысушылар  тиімді кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Семинарға барлығы  30 педагог қатысты.