«Цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру» облыстық семинары

«Цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру» облыстық семинары

Колледж педагогтерінің цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, заманауи цифрлық құралдар мен білім беру платформаларын меңгеру бағытындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, кадрлар даярлау сапасын арттыруға бағытталған озық педагогикалық тәжірибе мен инновациялық тәсілдерді енгізу мақсатында 2026 жылғы 28 қаңтарда ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы «Цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыру» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинар барысында білім беру үдерісінде цифрлық құралдар мен жасанды интеллектті қолданудың тәжірибелері ұсынылды. Атап айтқанда, «Polytech Navigator: цифрлық құралдан студенттің жеке білім беру траекториясын басқару экожүйесіне дейін», «Жасанды интеллектке негізделген виртуалды зертханалар: Smart Grid энергетикалық жүйелерін оқыту арқылы білім беру сапасын арттыру тетігі», «Цифрлық құралдарды пайдалану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру», «Сабақта танымдық белсенділікті арттыруға бағытталған онлайн-сервистер», «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті қолдану: практикалық мүмкіндіктер мен мысалдар», сондай-ақ Өскемен құрылыс-техникалық колледжінің жасанды интеллект пен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы білім беру нәтижелеріне қол жеткізудегі тәжірибесі таныстырылды.

Ұсынылған материалдар өзектілігімен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленіп, педагогтердің кәсіби қызметінде тиімді қолдануға бағытталды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылды.