«Мектепшілік бақылаудың жүргізілуі және іске асырылуы» облыстық онлайн-семинар

«Мектепшілік бақылаудың жүргізілуі және іске асырылуы» облыстық онлайн-семинар

2026 жылғы 23 қаңтарда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының  жұмыс жоспарына сәйкес облыс мектептерінің директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мектепшілік бақылаудың жүргізілуі және іске асырылуы» тақырыбында онлайн семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты: мектепішілік бақылау үдерісі бойынша мектеп қызметін жетілдіру, оның ішінде білім беру мен тәрбиелеу сапасын жақсарту және педагог қызметкерлердің кәсібилігін арттыру.

Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Раимбекова Б.А «Мектепшілік бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында сөз сөйлеп, жұмыс негіздерімен таныстырды.

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша   білім бөлімінің «№36 орта мектебі» Нех Н.А директорының оқу ісінің орынбасары/ орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі.  «Организация внутришкольного контроля: работа с планом ВШК»

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры Кадирова А.Ч «Мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру жолдары»

 ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ Фоминых Л.А директорының оқу ісінің орынбасары «Внутришкольный контроль как условие успешной аттестации» тақырыбында таныстырылым жасады.

ШҚО ББ  «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ   директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Кожикова Б.М «Мектепішілік бақылау жоспарын тиімді жүзеге асыру: білім сапасын арттыру және басқарушылық шешімдердің негізділігін қамтамасыз ету» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар іс-шараның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті. Қатысушылардың туындаған сұрақтарына практикада одан әрі пайдалану үшін жауаптар мен әдістемелік ұсынымдар берілді.