«Менің әкем – полиция қызметкері» атты облыстық сурет көрмесі өтеді

«Менің әкем – полиция қызметкері» атты облыстық сурет көрмесі өтеді

2026 жылдың «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Менің әкем – полиция қызметкері» республикалық сурет көрмесінің облыстық кезеңі бастау алды.

Көрменің мақсаты -  өскелең ұрпақтың бойында құқықтық мәдениет пен заңға бағынушылықты қалыптастыру;

Полиция қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу және мамандыққа деген құрметті арттыру;

Балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау және отбасылық құндылықтарды нығайту.

Көрмені ұйымдастыру  алдында алдымен балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып,  алдын ала тақырыптық жұмыс бойынша дайындық  суреттер салу жүргізіледі және ата-аналар полиция қызметкерлерімен кездесулерді, мектепке дейінгі ұйымның жоспары бойынша «Полиция қызметкері – тәртіп қорғаушысы» тақырыптық әңгімелер, «Полиция», «Қауіпсіз көше» және т.б. сюжетті-рөлдік ойындарды ұйымдастыру ұсынылады.

Қатысушылар : Көрмеге облысымыздың мектепке дейінгі ұйымдарының (балабақшалардың) бүлдіршіндері қатыса алады. Кішкентай суретшілер өз туындыларында әкелерінің күнделікті қызметін, олардың ерлігі мен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы маңызды рөлін бейнелейді.

Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

- тақырыпқа сәйкестігі;

- «Заң және тәртіп» идеясының көрінісі;

- тапсырманы өз бетінше орындауы;

- шеберлікпен бейнеленуі.

Суреттер кез келген техникада (акварель, гуашь, қарындаш және т.б.) орындалуы тиіс.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздарының жұмысы  республикалық кезеңге жолданады.

Бұл шара балалардың көзімен «заң мен тәртіп» ұғымын ашып қана қоймай, қоғамдағы қауіпсіздік кепілі – полиция қызметінің беделін асқақтата түсетіні сөзсіз.

Өткізілетін күні: 2026 жылдың  22-25 қаңтар аралығында