«Smart Village education: тиімді оқыту және тәжірибе алаңы» облыстық семинар-практикумы

«Smart Village education: тиімді оқыту және тәжірибе алаңы» облыстық семинар-практикумы

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы аясында 2026 жылғы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің базасында «Smart Village education: тиімді оқыту және тәжірибе алаңы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы және Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қаласындағы филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Семинар-практикумның негізгі мақсаты – ауыл мектептерінде білім берудің сапасын арттыруға бағытталған инновациялық педагогикалық тәсілдерді кеңінен енгізу, цифрлық және STEM ресурстарын тиімді пайдалану, тірек және магниттік мектептер арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Күршім ауданы бойынша тірек мектебі «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ және сол тірек мектебіне байланыстырылған шағын жинақты мектептер: «Алғабас орта мектебі» КММ «Құйған орта мектебі» КММ, «Қайыңды негізгі орта мектебі» КММ-нің ұстаздары жоба шартына сәйкес математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі пәндерінен онлайн сабақ өткізіп, әріптестеріне өз тәжірибелерін ұсынды. 

Іс-шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, ауыл мектептерін дамытуға қатысты нақты ұсыныстар мен қорытындылар жасалды. Семинар-практикум нәтижелері «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын облыс көлемінде одан әрі жүйелі іске асыруға негіз болады.