
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Заң және тәртіп» айлығы аясында №46 орта мектебінде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған челлендж өз бастауын алды.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға және қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында қатысушылар “Заң бәріне ортақ” ұранын басшылыққа алып, өз көзқарастарын шығармашылық тұрғыда жеткізді.
Челленджге 11-сыныптың 101 түлегі мен мектеп парламентінің мүшелері белсенді атсалысты.
Іс-шара соңында челлендж эстафетасы №40 жалпы білім беретін мектеп пен №48 қосымша білім беру ұйымына жолданды.
#Заңжәнетәртіп #Адалазамат