
2026 жылдың 8-9 қаңтар аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы өткізілді.
Фестивальдің мақсаты – педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Шығыс Қазақстан облысынан конкурсқа 12 педагог қатысып, облысымыздың намысын қорғап, өздерінің педагогикалық идеяларымен бөлісті.
Әділқазылар алқасының шешімімен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының II дәрежелі дипломымен:
- Мухажанова Мадина Адилхановна ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі;
III дәрежелі дипломмен:
-Жумагельды Райхан Жұмагельдықызы, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ, биология пәні мұғалімі марапатталды.
Республикалық конкурста қол жеткен ерекше жетістіктері үшін:
-Ахметаева Салтанат Мағауқызы, ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
-Батурина Инна Сергеевна, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT- мектеп лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
-Стеблецова Ирина Станиславовна, ШҚО ББ Валеологиялық мамандандырылған білім беру мекемесінің дарынды балаларға арналған мектеп кешені» КММ мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
-Мейрбаев Мади Канатович, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі;
-Томаганова Эльмира Есманбековна, ШҚО Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ қосымша білім беру орталығының педагогі грамоталарымен марапатталды.
Республикалық конкурстың жеңімпазы атанған әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз!