
2026 жылғы 06 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы қысқы демалыс мектебінің іс-шараларын өткізу жоспарына сәйкес «Авторлық бағдарлама - мұғалімнің зияткерлік еңбегі мен зерттеу жұмысының нәтижесі» тақырыбында облыстық семинарын өткізді.
Семинар мақсаты - авторлық бағдарламаны әзірлеуге қойылатын негізгі талаптармен таныстыру, облыстық және республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпаздарының іс-тәжірибесін қорытындылау және тарату.
Іс-шараға 100-ден астам аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын пән мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында байқау жеңімпаздары шеберлік-сынып көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Семинар қорытындысында қатысушылар семинардың өте тиімді өткенін және қажетті ақпараттар алғанын және кәсіби өсу үшін мұндай тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.