
Қысқы каникулдық мектеп аясында 2026 жылғы 6 қаңтарда ШҚО ББ «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы Өскемен қаласындағы М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектептің базасында психологтерге, дефектологтерге, логопедтерге және педагог-ассистенттерге арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың әмбебап оқу әрекеттері мен soft skills дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында облыстық коучинг өткізді.
Облыстық коучинг барысында «Örken» облыстық әдістемелік орталығының, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК), С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, қала білім бөлімінің әдіскерлері, сондай-ақ Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің арнайы педагогтері өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шараға 100-ден астам педагог қатысып, әдістемелік ұсынымдар алды.
Іс-шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, өткізілген коучингтің өзектілігін атап өтті.