
2026 жылғы 6 қаңтарда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының қысқы каникул мектебінің жоспары аясында облыс мектептерінің директорлары үшін «Білім берудегі жасанды интеллект: жаңа жетістіктер мен жаңа құралдар» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: пән мұғалімдерінің жасанды интеллект технологиялары туралы білімдерін арттыру, оны оқу процесіне енгізу жолдарын оқыту және педагогикалық практикада тиімді қолдануға бағдарлау.
Іс-шара барысында ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицей» мектебінің директоры Ж .Т. Сағандықова «Цифрлық мектеп: деректер арқылы басқару» тақырыбында сөз сөйлеп, жұмыс негіздерімен және деректер арқылы басқаруды қолдану үдерісімен таныстырды.
ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 3 Күршім гимназиясы» КММ директоры Ж.А. Нұриманов «Мұғалім және жасанды интеллект – мектептің күші»тақырыбында сөз сөйледі.
Сапарғалиева Б. К. - ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ директоры: «Жасанды интеллект білім беру процесін қалай өзгерте алады».
Абраимова А. Б.-ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жамбыл орта мектебі» КММ директоры: «Жасанды интеллект және оқу процесі: кітап оқудың жаңа мүмкіндіктері».
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар іс-шараның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті. Қатысушылардың туындаған сұрақтарына практикада одан әрі пайдалану үшін жауаптар мен әдістемелік ұсынымдар берілді.