«Тәрбие экожүйесі: практикалық шешімдер» облыстық семинар

«Тәрбие экожүйесі: практикалық шешімдер» облыстық семинар

2026 жылдың 6 қаңтарда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық  білім академиясы, Өскемен қаласындағы ШҚ облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейімен бірге Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейі базасында «Тәрбие экожүйесі: практикалық шешімдер» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинар мақсаты – Келешек мектептерінде тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған  заманауи тәсілдер  мен практикалық шешімдерді қарастыру, білім беру ұйымдарында тәрбие экожүйесін қалыптастыру.

Семинар барысында мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының басқарушылық және кәсіби құзіреттерін арттыру аясында  «Саналы педагогика және психологиядық негіздер», «Құндылыққа негізделген мектеп», «Жоспарлау және оқу процесіне интеграция», «Мектеп және ата-ана» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетілді.

 Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.