
Бүгін Өскемен қаласындағы Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінде әлеуметтік серіктестері – «УК ТМК» АҚ-ның қолдауымен кәсіптік бағдар беру кабинеті салтанатты түрде ашылды.
Жаңа кабинет білім алушылардың кәсіби бағдарын айқындауға арналған маңызды алаңға айналып, оқушылардың мамандықтар әлемімен танысуына, болашақ кәсібін саналы түрде таңдауына және еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар туралы мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Шараның ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы директорының орынбасары Бұлбұл Жомартқызы Қозыбаева қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Ірі кәсіпорындардың білім беру бастамаларын қолдау және біздің студенттердің білім алуы мен дамуы үшін заманауи жағдайларды жасауға үлес қосу оқу үдерісінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.