
«Digital Kazakhstan» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 26 желтоқсанда пилоттық жобаға қатысушы жалпы білім беретін мектептердің 7–8 сынып оқушылары арасында «Future Digital Skills» облыстық хакатоны өткізілді.
Хакатонның негізгі мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын, инженерлік және алгоритмдік ойлауын дамыту, сондай-ақ бағдарламалау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара оқушылардың заманауи цифрлық технологияларға, инженерия мен кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыруға, білімдерін нақты инженерлік және жобалық міндеттерді шешу барысында қолдануға бағытталды.
Хакатон барысында қатысушылар Python бағдарламалау тілі, Artisan PiBody микроконтроллерлері, 3D-модельдеу, сондай-ақ жобалық ойлау дағдыларын көрсетті. Командалық жұмыс аясында оқушылар өз шешімдерінің прототиптерін әзірлеп, жобаларын ұсынды және сарапшылар алқасының алдында қорғады.
Хакатон «Digital Kazakhstan» бағдарламасы аясындағы «Цифрлық сауаттылықты дамыту» бағыты бойынша жүзеге асырылатын «Болашақтың цифрлық құзыреттері» пилоттық курсы шеңберінде өтті және оқушылардың цифрлық, инженерлік және кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады.
STEM бағытын енгізу бойынша пилоттық жобаға Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының төрт білім беру ұйымы қатысты, олардың базасында «Artisan Education» білім беру платформасы мен жабдықтары енгізілді:
Төрт апталық тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламасы барысында оқушылар келесі бағыттарды меңгерді:
Хакатон қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын алған команда 2026 жылғы қаңтар айында Астана қаласында өтетін Республикалық финалдық хакатонға қатысады.
Хакатонның өткізілуі оқушылардың болашақ цифрлық құзыреттерін қалыптастырудағы тәжірибеге бағытталған тәсілдің тиімділігін растады және STEM-пәндер мен заманауи технологияларды меңгеруге деген жоғары мотивациясын көрсетті.