Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қорытынды отырысы өтті

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қорытынды отырысы өтті

2025 жылғы 24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Отырысқа Шығыс Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ қалалық және аудандық комиссиялардың мүшелері қатысты.

Отырыс барысында комиссиялардың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар, сондай-ақ суицид жағдайлары мен буллинг фактілері бойынша негізгі мәліметтер қаралды. Катонқарағай және Марқакөл аудандарының комиссияларының есептері тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыстық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылды. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру және полиция органдары мен білім беру ұйымдарының есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.