Келешек мектептерінде білім, тәрбие және қауіпсіздік бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасуда

Келешек мектептерінде білім, тәрбие және қауіпсіздік бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасуда

Келешек мектептерінде оқу-тәрбие процесін жан-жақты дамытуға бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

📚 «Шын жүректен кітап сыйла» акциясы

Мектептерде республикалық деңгейде кең қолдау тапқан «Шын жүректен кітап сыйла» акциясы өз жалғасын табуда. Акция аясында ұстаздар мен оқушылар мектеп кітапханасына көркем, танымдық және тәрбиелік маңызы бар кітаптарды сыйлап, білім ордасына рухани жылу мен ізгі ниет жолдады. Бұл бастама оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде.

🏐 Спорт – салауатты өмір салтының кепілі

Қазіргі таңда 40 орта мектеп КММ базасында қыздар арасында волейболдан қалалық біріншілік өткізіліп жатыр. Жарыстың басты мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рух пен спорттық шеберлікті дамыту. Қалалық біріншілікке әр мектептің үздік командалары қатысып, тартысты ойындар көрсетуде.

🎨 «АДАЛ АЗАМАТ» бағдарламасы аясындағы «Шабыт» жобасы

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Шабыт» жобасы білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың рухани дамуына жағдай жасау.

Аталған жоба аясында 9 «А» сынып оқушысы Сайлаубек Анель «домбыра» және «сурет салу» үйірмелеріне белсене қатысып, өзінің шығармашылық қабілеттерін жетілдіруде. Ұлттық өнерге деген қызығушылығы арқылы Анель қазақ халқының мәдени мұрасын бойына сіңіріп, рухани дамуына үлес қосуда.

🇰🇿 Тәуелсіздік мерекесіне арналған челлендж

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Келешек мектептерінде «Еліме тілек» , «Мен жеңісімді еліме арнаймын» атты челлендждер ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар елімізге, туған жеріне деген ақжарма тілектерін білдіріп, патриоттық рухтағы бейнероликтер мен шығармашылық жұмыстар ұсынды. Челлендж жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. Оқушылар өздерінің білімдегі, спорттағы, шығармашылықтағы жетістіктерін ел Тәуелсіздігімен байланыстыра отырып, жеңістерін Отанға арнады. Қатысушылар бейнероликтер, фотоматериалдар мен шығармашылық жұмыстар арқылы еліміздің дамуына қосқан үлестерін және болашаққа деген сенімдерін көрсетті.

🚔 «Заң мен тәртіп»: қауіпсіздік – басты назарда

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіздік – басты назарда» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өтті. Сонымен қатар полиция департаментімен бірлесіп, оқушыларға қысқы каникул кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Шаралар барысында жол-көлік қауіпсіздігі, тұрмыстық қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы тәртіп мәселелері қамтылып, қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігіне арналған танымдық фильмдер көрсетілді.

📖 Әліппемен қоштасу – алғашқы үлкен белес

Келешек мектептерінің алғашқы 1-сынып оқушылары үшін маңызды әрі әсерлі сәттердің бірі – «Әліппемен қоштасу» мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл – оқушылардың білім жолындағы алғашқы үлкен жетістігін білдіретін ерекше кезең. Шара барысында бүлдіршіндер ән айтып, өлең оқып, оқу-білімге деген алғашқы қадамдарын мақтанышпен көрсетті.

Келешек мектептері алдағы уақытта да білім сапасын арттыруға, тәрбие мен қауіпсіздікке, шығармашылық пен спортты дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.