
2025 жылғы 25 желтоқсанда Облыстық психолого-медико-педагогикалық консультациясында «Жаңартылған ПМПК – балалар мен ата-аналарға арналған көмек кеңістігі» атты ашық есік күні өтті.
Іс-шараға білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармалары, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, білім беру ұйымдарының өкілдері, серіктестер, ата-аналар және ПМПК қызметкерлері қатысты. Қонақтар ПМПК-ның жаңартылған және кеңейтілген ғимаратымен танысты: тіркеу бөлімі, балаларды тексеруге арналған арнайы залдар, әкімшілік блок, конференц-зал және әдістемелік кабинет. Арнайы көңіл балалардың ерекше білім қажеттіліктерін диагностикалау және қолдау үшін енгізілген цифрлық технологияларға аударылды.
Ашық есік күні барысында ПМПК тарихы мен «ПМПК қызметінде цифрлық технологияларды енгізу» пилоттық жобасының видеоматериалдары көрсетілді. Сондай-ақ, ПМПК жұмысының нәтижелерін көрсететін ата-аналар мен мамандардың пікірлері ұсынылды.
Психолого-медико-педагогикалық көмек және қолдау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ПМПК қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.