«Ғылыми жобалар сайысына оқушыларды дайындау бойынша ұсыныстар» атты онлайн ғылыми мектептің қорытындысы

«Ғылыми жобалар сайысына оқушыларды дайындау бойынша ұсыныстар» атты онлайн ғылыми мектептің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы YouTube платформасының Shygysdaryn арнасында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалар сайысына қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында, онлайн режимде «Ғылыми жобалар сайысына оқушыларды дайындау бойынша ұсыныстар» атты онлайн ғылыми мектеп өткізді.

Онлайн ғылыми мектепке облыстың 2000-ға жуық оқушысы қатысты. Ғылыми мектептің бағдарламасы ғылыми жобаларды жазу бойынша облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен облыстық мамандандырылған мектептердің шығармашыл педагогтарының ұсыныстарынан тұрды.

Дәріс оқушылар: педагогика ғылымдарының докторы, педагогика профессоры, ҚР педагогика ғылымдар Академиясының, халықаралық экология және өмір қауіпсіздігі ғылымдары академиясының академигі Ахаева Наталья Васильевна; биология ғылымдарының кандидаты, доцент Игисинова Жамал Турсынғожақызы; педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР педагогика ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі Стеблецова Ирина Станиславовна ғылыми жобаларды жазу және ресімдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар берді, ғылыми жобалардың өзекті бағыттары мен өзекті тақырыптардың жеке мысалдарын қарастырды, жұмыс кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ зерттеу жұмыстарына презентация жасау бойынша жадынаманы ұсынды.

Ғылыми мектепте алған білімдер мен ұсыныстарды оқушылар келешекте ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарын қорғау кезінде пайдаланады деп үміттенеміз.