«TopIQ-MobilBox» оқу станциялары - ШҚО-ның шалғай мектептері үшін цифрлық теңдікке қадам

«TopIQ-MobilBox» оқу станциялары - ШҚО-ның шалғай мектептері үшін цифрлық теңдікке қадам

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ және «Алматыкітап» баспасы ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында «TopIQ.KZ» білім беру платформасын белсенді қолданып, цифрлық білім беру технологияларына қызығушылық танытқан ШҚО шалғай аудандарда орналасқан 40 шағын жинақты мектептеріне «TopIQ-Mobil Box» мобильді білім беру станциясы табыстады.  «TopIQ-Mobil Box» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған елді цифрландыру бастамасын қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Бастаманың негізгі мақсаты – заманауи білім беру технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Білім алушыларымызға оқуда жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!