Шығыс Қазақстан облысы туристік көпсайыс бойынша табиғи бедерде «Туған жердің кереметі» қашықтық чемпионатынының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы туристік көпсайыс бойынша табиғи бедерде «Туған жердің кереметі» қашықтық чемпионатынының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 4-5 қарашасы аралығында «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын және «Өз жеріңді танып біл» жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы туристік көпсайыс бойынша табиғи бедерде «Туған жердің кереметі» қашықтық чемпионатын өткізеді (әрі қарай – Чемпионат).

Чемпионаттың мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін спорттық балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және ілгерілету.

Чемпионатқа облыстық мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің білім алушылары, іріктеу чемпионаттарының жеңімпаздары қатыса алады. Спорттық біліктілік және қатысушылардың жасы:

  • Жоғарғы сынып – 18 жас және одан жоғары;
  • Жасөспірімдер сыныбы – 15 – 17 жас;
  • Төменгі сынып – 12 – 14 жас.

Чемпионат бағдарламасына келесі номинациялар кіреді:

  • Үздік әдеби эссе «Біздің туристік клуб/секция/үйірме»;
  • Фотобайқау «Бүкіл әлем алақанда! Сен онда бақыттысың... В. Высоцкий»(Менің туған өлкем»; «Фотожорық»; «Жүздегі туризм»; «Жорыққа дайындық»; «Саяхат және экспедициялар»);
  • «Таңғажайып оқиғалар үшін алға!» видеороликтар байқауы;
  • «Шығыс Қазақстан туры» жобаларының таныстырылымы;
  • «Виртуалды кеңістіктегі экологиялық бағыт бойынша жолсілтеме» аудиогидтерін әзірлеу.

Чемпионат қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Чемпионаттың қалған қатысушыларына қатысу туралы сертификаттар беріледі.

Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ШҚ  ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы немесе 8 (7232)75-15-53 телефоны бойынша хабарласуға болады.