«Үздік өлкетану сабағы» облыстық конкурсының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Үздік өлкетану сабағы» облыстық конкурсының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Алтын адам» республикалық жобасын, «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын және «Отаным - тағдырым» кіші жобасын жүзеге асыру аясында өлкетану мұғалімдеріне арналған «Үздік өлкетану сабағы» облыстық байқауын өткізеді.

 

Ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы.

Өтетін орны: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО.

Өту форматы: қашықтықтан.

Өтетін мерзімі: 2020 жылдың 9-14 қараша аралығы.

 

Байқаудың мақсаты өлкетану пәнінің танымалдылығын арттыру мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату.

 

Байқаудың міндеттері:

  • білім сапасын арттыру үшін инновациялық педагогикалық технологияларды дамыту;
  • туған өлке тарихын оқытудағы жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізу;
  • патриоттық білімді дамыту және нығайту бойынша мұғалімдердің креативті қызметін жетілдіру, ана тілі мен мәдениеті үшін сөзсіз басымдықты мойындау және қамтамасыз ету;
  • байқау арқылы дарынды шығармашыл педагогтердің қызметін қолдау, жеке тәжірибесін насихаттау және ШҚО білім басқармасының білім порталына жариялау.

Байқау 2 кезеңнен тұрады.

 

І кезең - аудандық/қалалық, мұнда екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын өлкетану сабақтары анықталады. Өткізу мерзімі: 2020 жылдың 19 қазаннан 24 қазанға дейін.

ІІ кезең - облыстық. Өткізу мерзімі:: 2020 жылғы 9 қарашадан 14 қарашаға дейін.

 

Жүлдегерлер Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталады.

 

Іс-шараға жауапты: Абраимова Б.К. ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері. Тел.номері 87017677658.