Тестілеу - жасөспірімдер үшін болашақ кәсіпті таңдау құралы

Тестілеу - жасөспірімдер үшін болашақ кәсіпті таңдау құралы

Кәсіптік бағдар беру, Жол картасын іске асыру және бөлінген квоталарға сәйкес бейіндік сыныптардың жұмысын жетілдіру аясында Шығыс Қазақстан облысындағы 7-11 сыныптарда оқитын 6 904 оқушы EduNavigator және Mansap Kompasy платформаларында тестілеуден өтті.

Кәсіптік бағдарлау тестілеудің мүмкіндіктері:

әр оқушының мықты тұстарын және қызығушылықтарын анықтау;

білім беру жолын және болашақ мамандығын таңдау бойынша ұсыныстар алу;

оқушылардың мансаптық дамуын қолдауда мұғалімдер мен ата-аналарға көмек көрсету;

оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес келетін дағдыларды дамытуға ынталандыру.

Тестілеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша платформа мамандық таңдау бойынша жеке ұсыныстарды қалыптастырады, сонымен қатар оқушыларға сәйкес келетін мамандықтар мен дағдыларды алу мүмкіндіктері туралы қосымша аналитикалық ақпаратты ұсынады. Әрбір мамандық негізгі дағдылардың сипаттамасымен, бос орындар туралы ақпаратпен, жалақы деңгейлерімен және оқу орындарының тізімімен қамтамасыз етілген.