
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні бастауыш сынып педагог қызметкерлері арасында облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалім» байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: бастауыш білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың жаңа, заманауи тәсілдерін іске асыру үшін үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату.
Байқауға түскен қатысушылардың Ережеге сәйкес сабақтың қысқа мерзімді жоспарлары, сабақ бейнероликтері; инновациялық әдістеме, авторлық зерттеу жұмыстары қаралды. Жұмыстардың мазмұнының байқау бағыттарына сәйкестігі, өзектілігі, білім берудің заманауи талаптарына сай болуы, практикалық бағыттылығы және материалдың әдістемелік құндылығына баса назар аударылды.
Жүлделі орын алған педагогтерге дипломдар мен грамоталар, сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!