2025 жылдың 12 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Үздік өлкетану сабағы-2025» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың жергілікті тарих, табиғат, мәдениет, тұлғалар туралы білімдерін тереңдету, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тарату.
Конкурстық комиссия қатысушы мұғалімдердің жұмыстарын бағалап, қорытындысы бойынша марапаттады:
І дәрежелі диплом - К. С. Турганбаева Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Секисовка орта мектеп-балабақша кешені» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІІ дәрежелі диплом – Б. К. Аманова Катонкарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІІ дәрежелі диплом – А. Ж. Құсайова Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ география пәні мұғалімі;
ІІІ дәрежелі диплом Н. А. Аязбек Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ география пәні мұғалімі;
ІІІ дәрежелі диплом С. М. Серікжанов Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Солдатова орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі;
ІІІ дәрежелі диплом М. Т. Қайырбаева Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Теректібұлақ орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі.
Келесі номинациялар берілді:
«Ізденімпаз мұғалім» - А. Б. Азылханова Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі;
«Креативті мұғалім» - Ж. Қайрат Өскемен қаласы «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ тарих пәні мұғалімі;
«Цифрлы сауатты мұғалім» - А. К. Вахасова Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ тарих пәні мұғалімі;
«Шығармашыл мұғалім» - А. Ш. Нурсолтанова Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 1 мектеп - лицейі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, номинация иелеріне грамоталар берілді.