
ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми - әдістемелік орталығы» КММ «Жаңашыл ұстаз-2025» облыстық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты: шығармашыл мұғалімдерді анықтау және қолдау, орыс тілі мен әдебиет пәнін оқытудың сапасын арттыру үшін заманауи педагогикалық технологияларды қолдануды ынталандыру.
Байқау 2 кезеңнен тұрады.
І кезең - аудандық/қалалық. 2025 жылдың, 7 қараша – 4 желтоқсан аралығында
ІІ кезең - облыстық. 2025 жылғы 12 желтоқсан.
Өтетін орны: Абай даңғылы 21, 5 қабат, конференц зал сағат 09.00.
Байқауға қатысушылар: жалпы орта білім беру ұйымдарының оқыту орыс тіліндегі мектептердің орыс тілі және әдебиеті пән мұғалімдері.
Өткізілу тілі: орысша
Жауапты: Матыбаева А. А. (тел. 87772810621)