Білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Robofree» қашықтағы облыстық байқауының қорытындысы

Білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Robofree» қашықтағы облыстық байқауының қорытындысы

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылдың  03 қарашасынан 08 желтоқсан аралығында білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Robofree» қашықтағы облыстық бейнероликтер байқауын өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты білім беру мекемелерінің оқушылары арасында техникалық модельдеуді танымал ету, робототехникаға қызығушылықты арттыру және логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады. Конкурсқа 18 конкурстық өтінім ұсынылды.

Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

10+ жас санаты арасында:

Бірінші орын – ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Глубокое кентінің Жас техниктер станциясы» КММ 4 сынып оқушысы Ағызам Нұрмедет Дәулетбекұлы;

Екінші орын – ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ 7 сынып оқушысы Қуанышұлы Ермахан;

Үшінші орын – ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі»  КММ 6 сынып оқушысы Ағызам Нұртілеу Дәулетбекұлы.

14+ жас санаты арасында:

Бірінші орын – ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ 10 сынып оқушысы Русланқызы Әмина;

Екінші орын – ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы Сансызбай Алихан;

Үшінші орын – ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы Рашитқызы Зере.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!