«Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының республикалық кезеңі

«Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының республикалық кезеңі

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылдың 5–6 желтоқсан аралығында Алматы қаласында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қорытынды (республикалық) кезеңін өткізді.
Конкурс пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында өткізілді.
Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орын иелері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің дипломдарымен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен Мамырбекова Назым Зейнолдановна «Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ, биология пәні мұғалімі; ІІ дәрежелі дипломмен Куленова Риза Кенжетайкызы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
ІІІ дәрежелі дипломмен Клименко Елена Сергеевна Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 көпсалалы орта мектебі» КММ, информатика пәні мұғалімі марапатталды.

Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!