Облыс мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің кезекті бас қосуы

Облыс мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің кезекті бас қосуы

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ мен мектепке дейінгі тәрбие бойынша құрылған облыстық мобильді топтың 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 5 желтоқсаны күні «Педагог пен ата-ананың өзара әрекеттестігінің тиімді формалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: мектепке дейінгі білімнің жаңару жағдайында педагогтердің ата-аналармен өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құруда әдістемелік қолдау көрсете отыра, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Дөңгелек үстел аясында педагогтер ата-анамен жұмыстың өзекті мәселелерін  талқылап, іс-шаралар өткізудің заманауи жолдарымен танысып, пікір алмасты.

Сонымен қатар шара барысында Өскемен қаласының №102 балабақшасы базасында қатысушылар жаңа бағдарламалық мазмұнды жүзеге асырудағы балабақша жұмысын жетілдіру бағытында балабақша жұмысына ата-аналарды тартудың тиімді идеяларын пайдалану әдіс-тәсілдерімен танысып, кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекеттерден фрагменттер көріп, педагогикалық ұйымның іс-тәжірибесімен танысты.

Іс-шараның соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылып, педагогикалық қауымдастық арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы, сондай-ақ ата-аналармен өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құруда кәсіби байланыстарды нығайтуға ұйымдастырылған дөңгелек үстел арқылы мүмкіндік алғандары атап өтілді.

Шараға облысымыздың мектепке дейінгі мекемелерінен 70 педагог қатысты.