«Үздік өлкетану сабағы-2025» облыстық байқауының баспасөз хабарламасы

«Үздік өлкетану сабағы-2025» облыстық байқауының баспасөз хабарламасы

ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми - әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылдың 12 желтоқсан күні «Үздік өлкетану сабағы-2025» облыстық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың жергілікті тарих, табиғат, мәдениет, тұлғалар туралы білімдерін тереңдету, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз еліне, жеріне деген патриоттық рухта тәрбиелеу, мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тарату.

Байқау 2 кезеңнен тұрады.

І кезең - аудандық/қалалық. 2025 жыл, 28 қазан - 21 қараша.

ІІ кезең - облыстық. 2025 жылғы 12 желтоқсан.

Өтетін орны: Абай даңғылы 21, 4 қабат, конференц зал сағат 08.30.

Өткізілетін мерзімі: 2025 жыл, 12 желтоқсан.

Байқауға қатысушылар: Шығыс Қазақстан облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» («Қазақ тілі мен әдебиеті») қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге арналған), «География», «Музыка» пәндері мұғалімдері.

Өткізілу тілі: қазақ, орыс (оқыту тіліне орай)

 

Жауапты Н. Ш. Сапаргожина  (87055014271, 87785093675)