Мектептердегі ерте кәсіптік бағдар беру: болашақ мамандыққа алғашқы қадамдар

Мектептердегі ерте кәсіптік бағдар беру: болашақ мамандыққа алғашқы қадамдар

Оқу жылының басынан  Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде Кәсіптік бағдарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасы аясында оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстары жалғасуда.

Негізгі мақсат – балалардың еңбек әлемі туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, олардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін дамыту, болашақ білім алу жолын саналы таңдауға ынталандыру.

Ойын арқылы өткізген сабақтар, шығармашылық тапсырмалар, тақырыптық іс-шаралар, әртүрлі сала өкілдерімен кездесулер арқылы балалардың кәсіби орта туралы білімдерін кеңейтуге, танымдық белсенділігін дамытуға және саналы кәсіби өзін-өзі анықтаудың алғашқы дағдыларын дамытуға мүмкіндік бар.

Бастауыш мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы болашақта саналы түрде мамандық таңдаудың негізі болып табылады.