Білім басқармасы басшысының орынбасары мен облыстық Директорлар кеңесінің жұмыс кездесуі

Білім басқармасы басшысының орынбасары мен облыстық Директорлар кеңесінің жұмыс кездесуі

2025 жылғы 4 желтоқсанда Шығыс Қазақстан өңірлік «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қозыбаева Б. Ж. Директорлар кеңесінің кездесуін өткізді.

«Örken» орталығының директоры Коваленко С.Н. қатысушыларды кездесудің күн тәртібімен таныстырып, талқылауға ұсынылған негізгі бағыттарды айқындады.

Кездесудің мақсаты – өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыларын шығару,  алдағы күнтізбелік жылда өңірдің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған стратегиялық басымдықтарды айқындау.

Қозыбаева Б. Ж. мектептердегі басқару үдерістерінің сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби мәдениетін нығайту және заманауи білім беру тәсілдерін енгізу қажеттілігіне ерекше назар аударды.  Оқыту сапасын жоғарлату, әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру, педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту, шағын жинақты мектептерді қолдау және әрбір білім беру ұйымында кәсіби басқарушылық команда қалыптастыру мәселелері көтерілді.

Директорлар кеңесінің төрайымы, Глубокое ауданы «№2 Белоусовка  жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры Кенчимбаева М.К. жылдық есепті ұсынып, Кеңестің негізгі жетістіктерін, туындаған мәселелерді және алдағы жұмыс бағыттарын талдады. 2026 жылға арналған облыстық Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарының жобасы ұсынды.

Ашық диалог барысында мектеп директорлары білім басқармасы басшысының орынбасарына сұрақтар қойылып өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында орындаушылық тәртіпті және педагогикалық этиканы сақтау, педагогтер құрамының кәсіби деңгейін арттыру, білім беру процесін цифрландыруды, жасанды интеллект технологияларын енгізудің маңызды бағыттарын белгіледі.