
2025 жылғы 2–3 желтоқсан күндері Республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Балдаурен» базасында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен тәжірибе бірлігі» атты республикалық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты — бағдарламаны енгізу бойынша әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу, оны жүзеге асырудың практикалық қадамдарын талқылау және тәрбие жұмысын күшейту болды. Семинарға 180-нен астам қатысушы қатысты.
Семинар барысында өз тәжірибелерімен Шығыс Қазақстан облысының педагогтері де бөлісті. Олар — Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Солтанқызы Айзада және «Бриг» жеке меншік мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Байтемирова Мария Нұрсұлтанқызы.
Олардың баяндамалары маңыздылығымен және практикалық бағыттылығымен ерекше атап өтіліп, оқушылардың адалдық, жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным сияқты құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ететін табысты жұмыстардың үлгісі ретінде бағаланды.
Семинар қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы педагогтерінің тәжірибелері жоғары бағаланып, «Адал азамат» бағдарламасын іске асырудың нәтижелі тәжірибесі ретінде республикалық деңгейде таратуға ұсынылды.
Семинар-практикум еліміздің педагогтерінің күш-жігерін біріктіріп, өскелең ұрпақтың бойында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының мақсаттарына сай берік азаматтық және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.