«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық байқаудың II қорытынды кезеңі

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық байқаудың II қорытынды кезеңі

2025 жылдың 1 қыркүйегінен 28 қараша аралығынд ҚР Оқу-ағарту министрлігінің  «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық байқаудың II қорытынды кезеңін өткізді.

  Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғауға облыстық кезеңінің 5 жеңімпазы жолдама алған. Байқаудың  қорытындысы бойынша 5 педагог те жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:

«Арнайы мектептің үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы бойынша І орын-Жумажанова Арай Амангельдиновна, «№8 арнайы мектеп-интернат» КММ қазақ тілі мұғалімі;

«Арнайы балабақшаның үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы бойынша

І орын- Жампеисова Марина Викторовна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№61 арнайы балабақша»  КММ дефектолог-мұғалімі;

«Арнайы мектептің үздік педагогі (тәрбиешісі)» номинациясы бойынша ІІІ орын- Махметова Нургуль Мутапқызы, «Ақ Ниет» мектеп – интернаты» КММ тәрбиешісі;

«ПМПК үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы бойынша ІІІ орын- Буркашева Шынар Толыбаевна, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ дефектолог-мұғалімі;

«ОО, ППТК үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы бойынша ІІІ орын-Байдаханова Аяулым Қабылғазықызы, «Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ дефектолог-мұғалімі.

Биылғы жылы жоғары нәтиже көрстіп отырған республикалық жеңімпаздарды құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз!