Облыстық «Үздік балабақша тәрбиешісі» байқауы

Облыстық «Үздік балабақша тәрбиешісі» байқауы

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 қарашасында меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері арасында білім саласындағы тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау арқылы мамандықтың беделін өсіру және кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін арттыра отыра, облыс көлемінде ең үздік тәрбиешілерді анықтау  мақсатында «Үздік балабақша тәрбиешісі» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға облысымыздың 12 аудан/қалаларының 13 тәрбиешілері қатысып, шеберліктерін көрсетті.

Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың үздік тәрбиешілерін анықтап,  қорытындысын шығарды:

Бас жүлде - Сагатбекова Жанар Мухаметказиевна (Өскемен);

1-орын – Алдыбаева Гулнур Нурлановна (Зайсан), Алтай Қайнар (Күршім);

2-орын – Байсолтанова Айнур Канатовна (Тарбағатай), Тогжанова Жадра  

Омирзаковна (Өскемен), Макишева Гульнара Муратбековна (Катонқарағай);

3-орын – Сулейменова Асем Тлеубековна (Үлкен Нарын), Құсан Мунира  

(Марқакөл), Халтурина Елена Геннадьевна (Алтай).

Номинациялар:

«Креативті тәрбиеші» - Которов Владислав Евгеньевич (Риддер),

«Шығармашыл тәрбиеші» - Даулетхан Алмагул (Самар),

«Заманауи тәрбиеші» - Болатова  Каракат Болатовна (Глубокое),

«Өнерлі тәрбиеші» - Сейтнасимова Назира Ризабековна (Ұлан).

Байқаудың жүлдегерлері ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ дипломдары мен мадақтамаларымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!