
2024-2029 жылдарға «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 60-тармағын орындау мақсатында 2025 жылғы 24 қараша күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығында «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» жыл сайынғы Ұлттық байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқауға экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған инновациялық жобаларды ұсынған 12 білім беру ұйымы қатысты.
Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпаздары анықталды:
І орын – ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ;
ІІ орын – ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Предгорное орта мектеп-балабақша кешені» КММ, ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі» КММ;
ІІІ орын – ШҚО ББ Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы №38 гимназиясы» КММ.
Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар берілді.
Облыстық кезең жүлдегерлерінің конкурстық материалдары «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысы атынан ұсынылады.
Байқаудың республикалық кезеңіне қатысушыларға сәттілік тілейміз!