Дағды бүгін - мамандық ертең

Дағды бүгін - мамандық ертең

Шығыс Қазақстан облысының 8800 9-11 сынып оқушылары Enbek.kz платформасында «Сенің мансаптық бастамаң: «Электрондық еңбек биржасын» қалай пайдалануға болады» курсын аяқтады.

Аталған курс «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1134 қаулысына сәйкес, Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының «500 мың мектеп оқушысы мен ТжКБ студенттеріне мансап орталықтары арқылы «Электрондық еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық платформасын пайдалана отырып, жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу дағдыларына үйретуді ұйымдастыру» 29-тармағын іске асыру бойынша әзірленген.

Алған білімдері жасөспірімдерге қолайлы мамандықты анықтауға, жұмысты тиімді іздеуді үйренуге және «Электрондық еңбек биржасы» платформасының мүмкіндіктерін пайдалануға көмектеседі. Ол түйіндеме жасауды, алғашқы тәжірибені табуды, цифрлық жұмыс іздеу құралдарын меңгеруді және жас кезінен мансап құруды үйретеді.

Курсты сәтті аяқтаған әрбір оқушы Enbek.kz порталындағы түйіндемесіне автоматты түрде қосылатын ресми сертификат алды.