
2025 жылғы 21 қарашада Шығыс Қазақстан облысының биология пәнін қазақ тілінде мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында онлайн-вебинар өтті. Іс-шараны «ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырды.
Өскемен қаласының жаратылыстану-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәнінің мұғалімі Конакбаева Айгуль Адильбековна әріптестеріне сабақ өткізді. ZOOM-конференцияға өңірдің түкпір-түкпірінен биология пәнінің педагогтары қатысты.
Вебинардың мақсаты-биология сабақтарында жаратылыстану сауаттылығын дамыту тапсырмалар құрастыру.
Спикер биологияның әртүрлі бағыттары мен бөлімдері бойынша PISA-ға дайындалу үшін қажетті тапсырмаларды көрсетті, пайдалы сілтемелер берді.
Өткізілген мастер-класс педагогтердің кәсіби дамуына елеулі үлес қосып, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту – қазіргі заманға сай әрі тиімді оқыту тәсілі екенін және оның Қазақстан білім беру жүйесінің болашағы үшін маңызды екенін көрсетті.