«Еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестіктің рөлі»

«Еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестіктің рөлі»

2025 жылғы 19 қарашада ШҚО бойынша «Өрлеу» филиалында «Еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестіктің рөлі» тақырыбында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподақ  төрағасы  Айгүл Мұқашеваның қатысуымен семинар өтті. Облыстық білім басқармасының басшысы Оқасов Қуат Барысович алғы сөз сөйледі.

Облыстық және аудандық білім беру ұйымдарының басшылары және кәсіподақ төрағалары қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және кәсіподақ қызметінің өзекті бағыттарын талқылады.

«Өрлеу» АҚ-ның оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің бас маманы Мұхамбетжанова Гүлден Есмұратқызы «USTAZ» платформасындағы аттестацияның жаңартылған талаптарымен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімінің әдіскері Налибаева Гүлжан Рысбековна қосымша білім беруді дамытудың негізгі аспектілерін ұсынды.

Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыс, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Қыдырбаева Райхан Мамашиқызы еңбек қатынастарының өзекті мәселелеріне тоқталды.

Семинар ашық диалогпен және практикалық мәселелерді талқылаумен аяқталды.