2025 жылғы 1 қыркүйектен 10 қазанға дейін 5–6 жас аралығындағы мектепке дейінгі балалар мен 1–4 сынып оқушылары Шығыс Қазақстан облысының «Болашаққа қадам» атты облыстық қашықтық видеороликтер байқауына қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, тілдік және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ STEM бағыттарына қызығушылықты ерте жастан ынталандыру. Қатысушылар мультимедиялық технологиялар арқылы ойларын білдіру және робототехника элементтерімен өзара әрекеттесу дағдыларын көрсетті.
Келіп түскен видеороликтерді сарапшылар комиссиясы 2025 жылғы 10–14 қараша аралығында бағалады. Комиссия жұмысы барысында видеоматериалдардың мазмұны мен техникалық сапасына, идеяның жаңалығына, қатысушылардың шығармашылық көзқарасына және белсенділігіне ерекше мән берілді.
Жалпы жеңімпаздар:
- Бірінші орын - Переверзев Мирон, 5 жас, «Баланы дамыту орталығы» мекемесі, Өскемен қаласы.
- Екінші орын - Амантай Асылхан және Қуатқызы Әмина, 5–6 жас, Тарбагатай ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ.
- Үшінші орын - Молдахметов Нұрасыл, 5 жас, «Катюша» балабақшасы, Алтай ауданы;
– Зиновьев Михаил, 9 жас, «№17 М. Ауэзов атындағы орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
- «Ертегі әлеміндегі робот» / «РобоСказка в движении»:
– Шокатаев Ильяс, 9 жас, «№24 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы;
– Нестеров Абрам, 6 жас, «Исток» жеке жалпы білім беретін мектебі.
- «Шебер қолдар мен ақылды роботтар» / «Умелые ручки и умные роботы»:
– Майданбеков Джахангир, 5 жас, «Баланы дамыту орталығы»мекемесі.
- «Менің алғашқы роботым» / «Мой первый робот»:
– Марат Айсұлтан Мақсатұлы және Асхатов Шыңғыс Асқарұлы, 8 жас, Тарбагатай ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ;
– Кириллов Матвей және Борзова Валерия, 8–9 жас, «Исток» жеке жалпы білім беретін мектебі.
- «Қосу батырмасымен келген қаһарман» / «Герой с кнопкой включения»:
– Елшатбеков Нұрғиса және Ануарбек Абылай, 9–10 жас, «М. Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ, Зайсан ауданы;
– Липин Илья, 8 жас, «№17 М. Ауэзов атындағы орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
- «Робо-құпиялар» / «Робо-секреты»:
– Сычёв Алексей, 7 жас, «Исток» жеке жалпы білім беретін мектебі.