
2025 жылдың 14 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №11 орта мектебі» КММ-де ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты - ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын терең насихаттау, оның педагогикалық, философиялық және адамгершілік көзқарастарын, идеяларын заманауи білім беру үдерісінде қолдану.
Конференцияға жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Шара барысында «Абайдың дара жолы», «Абайдың Барлас, Байкөкше ақындармен кездесуінен көрініс ұйымдастырылып, Абай мұрасына арналған рекреацияның ашылу таныстырылымы жасалды.
Пленарлық бөлімінде Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп- лицейі» КММ, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі, республикалық «Үздік педагог-2025» байқауы атағының иегері Ибатаева Индира Айтахметовна «Абай мұрасы- ұрпаққа аманат», Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абежанова Бигуль Маташовна М. Әуезовтің «Абай жолы» романын заманауи тәсілмен оқыту (бір беттік кітап жанрының мүмкіндіктері) тақырыбында пәндік сарапшылар зерттеу жұмыстарын ұсынды.
Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі» КММ Байгалиева Шинара Даулеткановна «Абайдың рухани мұрасы – мәңгілік құндылықтар бастауы, «Жаңа Үлгі негізгі орта мектебі» КММ Ахметчанова Гаухар Бериковна «Абайдың тәрбие туралы ойларының бүгінгі білім беру жүйесіндегі маңызы» тақырыптарында баяндама жасады.
«Абай және қазіргі педагогика» педагогикалық шеберханасында «Абайды бірге оқимыз», «Абай шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесі-педагогикалық шеберліктің өзегі» тақырыптарында шеберлік сыныптар, «Абайдың қарасөздері- Қазақстанның мәдени мұрасы» жобаны нейрожүйе арқылы меңгерту жолдары, «Абай- ұлы тұлға» әдеби композиция, «Абай мұрасы- халық қазынасы» QWIZ ойыны ұсынылып, тәжірибелер көрсетілді.
Кері байланыста өткізілген шара халқымыздың рухани кеңістігінде мәңгілік орын алған Абай мұрасына тағзым, сонымен қатар, оның идеяларын жаңа ғасырда жаңаша ұғынуға жасалған маңызды қадам екендігі айтылды.
Конференцияға 50 маман қатысты.